Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Чемпионға тән мінез көрсеттің": GGG Муратаға өз шапанын жапты (фото, видео)

Опубликовано:

Головкин Муратаға шапан жапты
Фото: www.instagram.com/boxing_worldwide1

Жапониялық боксшы Риота Муратаны жеңіп, орта салмақтағы IBF, IBO және WBA Super нұсқалары бойынша чемпион атанған Геннадий Головкин жекпе-жектен соң қарсыласына өзінің шапанын жапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

GGG рингке киіп шыққан қазақтың ұлттық шапанын шешіп, Риота Муратаға кигізіп жатқан сәтін өзінің instagram парақшасында жариялады.

"Риота Мурата, өзіңе құрметім ерекше. Чемпионға тән мінез көрсеттің! Аригато!", - деп жазды ол видео анықтамасына.

Жапонияның Сайтама қаласында өткен жекпе-жекте отандасымыз қарсыласын 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

Осылайша, Геннадий Головкин кәсіби мансабындағы 44-ші жекпе-жегін өткізді.

Сонымен қатар, Головкин орта салмақтағы IBF және IBO титулдарының қатарына Риота Муратаның WBA Super белдігін қосып алды. 

Еске салайық, Головкин 2020 жылдың желтоқсанынан бері бүгін алғаш рет жұдырықтасып отыр. Ол өзінің соңғы жекпе-жегінде поляк боксшысы Камил Шереметаны жеңіп, нокаутқа түсірген. 

Ал Мурата соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында кездесу өткізіп, канадалық Стивен Батлерді жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964293-cempionga-tan-minez-korsettin-golovkin-murataga-oz-sapanyn-zapty-video/

pixel