Ойында гол соға алмаған Криштиану Роналду жанкүйердің телефонын сындырып тастады

Опубликовано:

Криштиану Роналду
фото: sport.segodnya.ua

Ағылшын премьер-лигасының кезекті турында Криштиану Роналду намысын қорғайтын "Манчестер Юнайтед" көш соңында келе жатқан "Эвертоннан" ұтылып қалды. Бұл әйгілі ойыншының ашуын тудырып, матч соңында ыңғайсыз жағдайға ұласты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Криштиану Роналду матч барысында гол соға алған жоқ. Одан бөлек, ойыншылармен бірнеше рет қақтығысып, спортқа тән емес қылығы үшін сары қағаз алып үлгерген.

Сондай-ақ, допқа талас кезінде аяғын ауыртып, балтырының қанап кеткенін де жанкүйерлер байқап қалды.

Ал кездесу аяқталған соң шешінетін бөлмеге бет алған Роналду өзіне қол созған жанкүйердің телефонын сындырып тастады. Әзірге, оған футбол фанатының не айтқаны белгісіз.

"Манчестер юнайтед" ресми өкілдері команданың бұл жағдайдан хабардар екенін және зерттеуді қолға алатынын жеткізген.

Айта кетелік, Криштиану Роналду Португалия құрамасы сапында 2022 жылы Катарда өтетін әлем біріншілігіне жолдама алды. Ол 2004 жылдан бері Еуропа және әлем чемпионаттарына үздіксіз қатысып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1964302-oiynda-gol-soga-almagan-kristianu-ronaldu-zankuierdin-telefonyn-syndyryp-tastady/