Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин Риота Муратаға белбеуін қайтарып берді

Опубликовано:

Риота Мурата пен Геннадий Головкин
Фото: Instagram/gggboxing

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жеңісініен кейін қарсыласы Риота Муратаға барып, оның чемпиондық белбеуін өзіне қайтарып берді. Бұл туралы спортшының Instagram парақшасынан белгілі болды.

Боксшы әлеуметтік желіде жекпе-жектен кейінгі видеосын бөлісті. Онда Головкиннің қарсыласына барып, оған чемпиондық белбеуін тарту етіп жатқанын көруге болады.

"Бұл белбеу мәңгіге сенікі", - деді Головкин Муратаға.

"GGG" жанкүйерлері оның бұл игі ісіне тәнті болып, оған жылы лебіздерін жаудырған.

"Жарайсың, Гена. Нағыз азаматсың", "Нағыз чемпионның ісі", "Осындай спортшылар аз", "Мақтан тұтамыз", "Бұл нағыз нағыз мақтауға тұрарлық әрекет", "Генаның тәрбиесі бір бөлек. Мықты спортшы ғана емес, адамгершілігі мол адам", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, қос боксшының арасындағы жекпе-жек 9 сәуірде өткен болатын. Оның нәтижесінде отандасымыз Геннадий Головкин жеңімпаз атанды. Ол қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Кездесу соңында "GGG" өзінің рингке киіп шыққан қазақтың ұлттық шапанын шешіп, оны Муратаға жапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964332-gennadii-golovkin-riota-murataga-belbeuin-qaitaryp-berdi/

pixel