Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Альварес Головкинді ұрып тастайды": Америкалық чемпион GGG-дің кездесуін төмен бағалады

Опубликовано:

Геннадий Головкин
фото: fightnews

Бұрынғы әлем чемпионы Тимоти Брэдли Геннадий Головкиннің Риото Муратамен өткен кездесуі көңілінен шықпағанын айтты. Бұл туралы Fightnews сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Головкин Муратамен өткен кездесудің басында өте нашар көрінді. Бірақ соңын мықты аяқтады. Әрине, бұл жақсы. Ол өзінің кондициясы жақсы екенін, әлі күнге дейін төбелесе алатынын көрсетті. Иә, онда күш пен соққыны дұрыс жұмсау қабілеті бар.

Оның жанға қарай жақсы қимылдағанын көрдім, бірақ, "Канело" қазір Головкинмен салыстырғанда мүлде басқа деңгейде.

Головкиннің екінші орта салмаққа ауысуы оның қарқынын азайтынына шын сенімдімін. Бұл басқа тарих, ал оның екінші жартылай дивизиондағы бірінші кездесуі мүлдем басқа тарих. "Канело" бұл салмақта жұдырықтасқан және жартылай ауыр дивизионда да төбелеседі.

Сондықтан, Сауль Альварес Головкинді соңғы раундтарда ұрып тастайды", - деді FightHype.com каналына сұхбат берген Брэдли.

Айта кетелік, 9 сәуір күні Геннадий Головкин Риото Муратаны техникалық нокаутпен жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964620-alvares-golovkindi-uryp-tastaidy-amerikalyq-cempion-ggg-din-songy-kezdesudi-nasar-bastaganyn-aitty/

pixel