Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыр нокдаун алды": Бас бапкер Таиландта жеңілген қазақстандық боксшыға қатысты ойын ашып айтты

Опубликовано:

Асланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов: olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Таиландта өткен халықаралық турнирді қорытындылап, кейбір боксшылардың неліктен жеңілгеніне тоқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

"52 келіде Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай кездесті. Санжардың салмағы әлі аз болса да, ересектер дуына түсе берсін деген оймен алып бардық. Өйткені, 48 келі Азия ойындары мен Олимпиада бағдарламасына енбеген. Сәкенмен барынша жақсы жұдырықтасты, бірақ салмағының бес-алты келіге кемдігі, тәжірибесінің аздығы байқалып тұрды.

Сол күні кешкісін өзімен тағы да сөйлестім. Физикалық тұрғыдан әлі жетілу керектігін өзі мойындап тұр. Егер Сәкен таиландтық спортшыны жеңсе, сол қарсыласымен спаррингтік кездесу өткізуді жоспарлаған. Онымен, бәрі біз ойлағандай болмады.

Ал Бибосыновтың тай боксшысымен өткен жекпе-жегінде біздің есеппен Сәкен таза жеңген еді. Менің ойымша, ол бірінші раундта 3:2, қалған екі раундта 5:0 есебімен ұтып тұрды. Бірақ төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Танарат Саенфетке берді.

69 келідегі Аслан Шымбергенов өте тәжірибелі боксшы. Соққылары да жақсы. Бірақ кейде ол сенімсіздік салдарынан жеңіліп жатады. Таиландта да солай болды. Жергілікті боксшы Бунджонг Синсиримен кездесіп, ауыр нокдаун алып қалды. Жекпе-жек соңында ұпай санымен тай боксшысы жеңіске жетті.

Мұндай кездерде Асланбекті қамшылап тұру қажет. Сербиядағы әлем чемпионатында да ол тым жақсы кездесудің орта тұсында сенімсіздікке бой алдырып, раунд арасында біз біраз жігерлендірген соң, қарсыласын ұтқан болатын.

Осы орайда назымды айта кеткен дұрыс. Аталған турнирге Қазақстаннан төрешілер барған жоқ. Сербиядағы халықаралық сын да отандық қазылардың қатысуынсыз өткен еді. Өз еліңнің өкілі болмағасын, төрешілер бәрібір бұра тартады. Сондай сәттерде Бибосынов сияқты білікті боксшыларды да жығып бере салады", - деді бапкер.

Сондай-ақ, Қайрат Сәтжанов Қазақстан командасы маусым айында Ташкенттегі халықараық сынға қатысатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964925-auyr-nokdaun-aldy-bas-bapker-tailandta-zenilgen-qazaqstandyq-bokssyga-qatysty-oiyn-asyp-aitty/

pixel