Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмоновтың әйгілі спортшыға қарсы жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Josh Hedges/Zuffa LLC via Getty Images

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (15-0) UFC-дегі келесі кездесуі 25 маусымда өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның мәліметінше, "Номад" лақап атымен танымал отандасымыз октагонға америкалық спортшы Нил Мэгнимен (26-8) шығады.

Шетелдік дереккөздердің ақпаратына сүйенсек, жекпе-жек UFC Fight Nights турнирінде өтеді.

Бұл жаңалықты Мэгни де өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

Шавкат Рахмонов та өзінің Instagram желісіндегі Stories-те жекпе-жек өтетінін растады.

Шавкат Рахмонов пен Нил Мэгни
Скриншот: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Айта кетсек, Нил Мэгни UFC-дегі бірнеше рет рекорд орнатқан. Ол жеңістер саны бойынша Роджер Уэрта және Кевин Холланд секілді бірінші орында тұр. 2014 жылы Нил бес бірдей жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.

Ал Шавкат Рахмонов биыл ақпан айында бразилиялық Карлстон Харристі бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберген еді. Осыдан кейін "Номад" Мэгниді жекпе-жекке шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1965150-savkat-raxmonovtyn-aigili-sportsyga-qarsy-zekpe-zegi-otetin-kun-belgili-boldy/

pixel