Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл елді міндетті түрде көргім келеді": Сауль Альварес қазақ боксшыларына тәнті екенін айтты

Опубликовано:

Боксер Сауль Альварес
Сауль Альварес. Фото: Photo by VALERIE MACON/AFP via Getty Images

Әйгілі мексикалық боксшы, екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль "Канело" Альварес Suleimen Promotions-ке сұхбат берді. Сұхбат барысында ол қазақ боксшыларына тәнті екенін және осындай талантты боксшыларды тәрбиелеген Қазақстанға болашақта міндетті түрде сапарлап барғысы келетінін айтты.

"Қазақстанда өте мықты боксшылар бар. Бірнеше апта бұрын лагерімізге қазақтар келді. Өте мықты боксшылар. Осындай боксшылары бар Қазақстанды құттықтағым келеді. Бұл қазақтар жақында чемпион болатынына еш күмәнім жоқ және бұл елді міндетті түрде көргім келеді. Алға Қазақстан", - дейді мексикалық боксшы.

Айта кетейік, Сауль Альварес кәсіби мансабында әйгілі отандасымыз Геннадий Головкинмен екі рет қолғап түйістірген.

Олардың арасындағы алғашқы кездесу 2017 жылдың қыркүйегінде өткен еді. Ол кезде жекпе-жек тең аяқталса, тура бір жылдан кейін екінші рет өткен кездесуде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Енді 7 мамырда "Канело" ресейлік боксшы Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1965667-bul-eldi-mindetti-turde-korgim-keledi-saul-alvares-qazaq-bokssylaryna-tanti-ekenin-moiyndady-video/

pixel