Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бек Нұрманбет "Канеломен" спарринг өткізді

Опубликовано:

Сауль Альварес пен Бек Нұрмағамбет арасындағы спарринг
"Канело" мен Бек арасындағы спарринг. Видеодан кадр: instagram.com/suleimen_promotions_official

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен спарринг өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандасымыздың сөзінше, бұл спаррингтің арқасында үлкен тәжірбие жинаған.

"АҚШ-тың Сан-Диего қаласына оқу-жаттығу жиынына келдік. Сауль "Канело" Алварес залындамыз. Залда жаттығу жұмыстарын жасап, спарринг өткізудеміз.

Бізді "Канело" да оның жаттықтырушысы да жақсы қарсы алды. Көмегін көрсетіп, тәжірбие алмасып жатырмыз. Өте жақсы әсер алдым. "Канеломен" спарринг өткізбек түгіл, онымен суретке түсудің өзі көп боксшының арманы. Біз Сауль Альвареспен жаттығуда да біргеміз, спаррингте де біргеміз. Бұл біз үшін үлкен тәжірбие", - дейді Бек Нұрмағанбет Suleimen Promotions-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін Сауль Альварес те Suleimen Promotions-ке сұхбат беріп, қазақстандық боксшылар жайлы ойын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1965754-bek-nurmanbet-kanelomen-sparring-otkizdi-video/

pixel