Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннисші Мария Шарапова 35 жасында алғаш рет ана атанбақ (фото)

Опубликовано:

Мария Шарапова
Фото: Instagram/mariasharapova

Танымал ресейлік теннисші Мария Шарапова алғаш рет ана атанбақ. Қуанышты жаңалықты спортшының өзі әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мария Шарапова Instagram парақшасында жаңа суретін бөлісіп, тұңғышын күтіп жүргенін жария етті.

"Асыл бастама. Мен бұрыннан бері туған күндегі мерекелік тортты екі адам үшін жейтін едім", - деп жазды ол.

Спортшы ару 35 жасында алғаш рет ана атанбақ. Желі қолданушылары теннисші үшін қуанып, оған өз құттықтауларын жаудырды.

"Құттықтаймыз! Бұл көптен күткен жаңалық болды", "Мария бұл аса ерекше сәт. Жүктіліктің әр сәтін рахаттанып өткіз", "Бақытты болыңдар. Балаларың көп болсын", "Сіз үшін аса қуаныштымыз", - деп жазуда көпшілік.

Мария Шарапова мен Александр Гилкс
Фото: Legion-Media

Айта кетейік, Мария Шарапованың сүйіктісі - Александр Гилкс. Ол Гарри ханзаданың жақын досы болып келеді. Александр өткен жылы Марияға үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Алайда қос ғашық әлі де той күнін белгілеген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1965928-tennissi-mariya-sarapova-35-zasynda-algas-ret-ana-atanbaq-foto/

pixel