Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан екі дүркін әлем чемпионын жеңіп, Азия біріншілігінде топ жарды

Опубликовано:

Мейіржан Шермаханбет
Мейіржан Шермаханбет. Фото: uww.org

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны кезекті алтынмен толықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионы атанды.

Ол финалда екі дүркін әлем чемпионы, Оңтүстік Корея елінің балуаны Рю Хансуды айқын басымдықпен ұтты.

Төрешілер Мейіржанның кеудеден асыра лақтырған соққысын жоғары бағалап, 11:3 есебімен жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Турнир барысында Шермаханбет үндістандық Сачин Сахраватты, өзбекстандық Махмұд Бахшилоевты таза ұтқан.

Мейіржан Шермаханбет Қазақстан командасына екінші алтынды сыйлап отыр. Кеше 130 келіге дейінгі салмақта Әлімхан Сыздықов жеңіске жеткен болатын.

Одан бөлек, команданың еншісінде үш күміс және екі қола медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1966016-qazaqstandyq-baluan-eki-durkin-alem-cempionyn-zenip-aziya-birinsiliginde-top-zardy/

pixel