Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Мадина Бақбергенова
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстандық балуан Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан байрақты бәсекеде отандасымыз 68 келі салмақта белдесті.

Мадина Бақбергенова финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері Мейірім Жұманазарованы жеңіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, отандасымыз ақтық мәреде 2:1 есебімен ұтылып жатып, белдесу соңына қарай жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп 3:2.

Ал 76 келіде сынға түскен Гүлмарал Еркебаева қола жүлдені қанағат тұтты.

Ол жұбаныш финалында жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1966202-madina-baqbergenova-aielder-kuresinen-aziya-cempionatynyn-zenimpazy-atandy/

pixel