Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғашқы алтын": Азамат Дәулетбеков еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанды
Азамат Дәулетбеков. Фото: olympic.kz

Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық Азамат Дәулетбеков топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еркін күрестен 86 келі салмақта бақ сынаған Азамат финалда үндістандық балуан, әлем чемпионатының жүлдегері Дипак Пунияны 6:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Азамат еркін күрестен Қазақстан командасына Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медальді сыйлады.

Бұған дейін Рахат Қалжан (57 келі) мен Нұрғожа Қайпанов (74 келі) финалда тізе бүгіп, күмісті қанағат тұтқан болатын.

Ал Талғат Сырбаз (70 келі), Мамед Ибрагимов (97 келі) және Акбар Курбанов (61 келі) құрлық додасында қола жүлдегер атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1966537-algasqy-altyn-azamat-dauletbekov-erkin-kuresten-aziya-cempiony-atandy/

pixel