Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азия чемпионысың ба, бәрібір": Сиыр сауып отырған Мадина Бақбергенованың видеосы желіде тарап кетті

Опубликовано:

Егіз балуандардың қызықты видеосы таралды
Жәмила және Мадина Бақбергенова. Фото: Facebook/Қанат Байұзақов

Өткен аптада Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында күрестен чемпион атанған Мадина және Жәмила Бақбергеновалар желіде қызықты видео жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Спортшылар Қазақстан тарихында тұңғыш рет Азия чемпионы атанған егіз балуандар ретінде елге танылған болатын.

Жақында Жәмила Бақбергенова сиыр сауып отырған сыңары Мадинаның видеосын желіде жариялады.

"Ата-анамызға Азия чемпионысың ба, бәрібір", - деп жазды Жәмила.

Видеоны тамашалаған желі қолданушылары спортшының бұл әрекетіне ерекше сүйсінген.

Айта кетелік, Мадина және Жәмила Бақбергеновалар Ұлан-Батыр кілемінде атой салып, Азия чемпиондары атанды. Мадина 68 келіге дейінгі салмақта топ жарса, Жәмила 72 келіде қарсылас шыдатпады.

Одан бөлек, Жәмила Бақбергенова 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері екенін естеріңізге саламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1966791-aziya-cempionysyn-ba-baribir-siyr-sauyp-otyrgan-madina-baqbergenovanyn-videosy-zelide-tarap-ketti/

pixel