Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал" 35 мәрте Испания чемпионы атанды

Опубликовано:

Марсело мен Бензема
Фото: Instagram/realmadrid

Мадридтік "Реал" Испания чемпионы атанып, рекордтық көрсеткіш орнатты. Карло Анчелоттидің ойыншылары маусым аяқталмай тұрып, чемпиондықты рәсімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Күні кеше "Реал Мадрид" Испания чемпионатының 34-туры аясында өз алаңында "Эспаньолды" қабылдады. Кездесу 4:0 есебімен корольдік клубтың жеңісімен аяқталды.

"Реал" шабуылшысы Родриго алдымен дубль жасап, одан кейін Асенсо мен Бензема бір голдан соқты.

Мадридтік клуб 34 матчтан кейін 81 ұпай жинап, турнир аяқталуға 4 тур қалғанда чемпион атанды. 

"Реал" басты қарсыластары "Севильядан" (64 ұпай) 17 ұпай, ал "Барселонадан" (63 ұпай) 18 ұпайға ұзап кетті. Каталониялық клубтың бір ойыны кем болғанымен, енді "Реалды қуып жетуі мүмкін емес.

Айта кетейік, "Реал" Испания Ла лигасын осымен 35-мәрте жеңіп алды. Бұл Испанияда рекордтық көрсеткіш. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1967617-real-35-marte-ispaniya-cempiony-atandy/

pixel