Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оң аяғы сынған": Танымал қазақстандық спортшы жол апатына түсті

Опубликовано:

Анастасия Городко жол апатына түсті
Анастасия Городко. Фото: olympic.kz

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының мүшесі, әлем чемпионатының қола жүлдегері Анастасия Городко жол апатына түсті. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасындағы сенімді дереккөзге сілтеме жасаған Bassport.kz хабарлайды.

"1 мамыр күні кешкі он шамасында 16 жастағы спортшы туған қаласы Өскеменде мотоциклмен келе жатып, оған жол бермеген көлікпен соқтығысты. Оқыс оқиға салдарынан Анастасияның оң жақ аяғы сынған.

Айта кетейік, фристайл-могулдан Қазақстан командасының үздігі Юлия Галышева да Ванкувер Олимпиадасының қарсаңында мойын жарақатын алған.

Алайда, ауыртпалыққа қарамастан 11-орын алып, қазақстандық спортшылардың арасынан ең үздік нәтиже көрсеткен еді", - деп жазды Bassport.kz.

Анастасия Городко параллельді могулдан әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Сондай-ақ, Еуропа кубогі кезеңдерінде бірнеше рет топ жарған.

Спортшы 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1967785-on-ayagy-syngan-tanymal-qazaqstandyq-sportsy-zol-apatyna-tusti/

pixel