Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анчелотти "Реал Мадридтен" кейін мансабын аяқтауы мүмкін

Опубликовано:

Карло Анчелотти
Карло Анчелотти. Фото: Gonzalo Arroyo Moreno/Getty Images

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Карло Анчелотти мансабын аяқтауды ойлайтынын мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Мен "Реал Мадридтегі" осы кезеңнен кейін мансабымды аяқтайтын шығармын. Бірақ егер "Реал Мадрид" бұл жерде тағы 10 жыл қалуымды қаласа, мен тағы 10 жыл қаламын.

Немерелерімнің қасында болғым келеді, әйеліммен демалысқа барғым келеді. Мен кейінге қалдыруға тура келген көп нәрсе бар...

Мен ешқашан Австралияда, Рио-де-Жанейрода болған емеспін. Әпкеме жиі барғым келеді. Өкінішке қарай, бәріне үлгеру мүмкін емес, сондықтан мен мансабымды аяқтаған соң, мұның бәрін істеймін", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1967883-ancelotti-real-madridten-keiin-mansabyn-ayaqtauy-mumkin/

pixel