Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал" "Манчестер Ситиді" жеңіп, Чемпиондар лигасының финалына шықты

Опубликовано:

"Реал Мадрид" ойыншылары
"Реал Мадрид" ойыншылары. Фото: Gonzalo Arroyo Moreno/Getty Images

Мадридтік "Реал" "Манчестер Ситиді" 3:1 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының финалына шықты.

Клубтар арасындағы матч Испания астанасы Мадридте 4 мамырдан 5 мамырға қараған түні өтті.

Есеп ойынның 75-минутында ашылды. Алғашқы болып "Манчестер Сити" шабуылшысы Рияд Марез гол соқты.

Одан әрі матчта "Реал Мадрид" басымдыққа ие болып, ойынның 90-минутында клуб шабуылшысы Родриго есепті теңестірді.

Ол екінші таймға қосымша белгіленген уақытты да тиімді пайдаланып, тағы бір голдың авторы атанды.

Ал ойынның 95-минутында төреші "Манчестер Сити" қақпасына пенальти белгілеп, нәтижесінде Карим Бензема есепті тағы еселеді.

Осылайша, матч 3:1 есебімен Мадритік "Реал" пайдасына шешілді.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасы аясы аясында өткен клубтар арасындағы алғашқы матч 4:3 есебімен "Манчестер Ситидің" жеңісімен аяқталған еді. Дегенмен екі матчтың қортындысы бойынша "Реал" (6:5) финалға шығып отыр.

Чемпиондар лигасының финалында "Реал" "Ливерпульмен" кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1968061-real-mancester-sitidi-zenip-cempiondar-ligasynyn-finalyna-syqty/

pixel