Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карим Бензема Чемпиондар лигасында Криштиану Роналдудың рекордын қайталады

Опубликовано:

Карим Бензема
Карим Бензема. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Карим Бензема "Манчестер Сити" қақпасына шешуші голды соғып, Чемпиондар лигасында Криштиану Роналдудың рекордын қайталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

4 мамырдан 5 мамырға қараған түні Чемпиондар лигасының жартылай финалында мадридтік "Реал" мен "Манчестер сити" кездесіп, финалға корольдік клуб жолдама алды.

Матчтағы шешуші голды "Реал Мадрид" шабуылшысы Карим Бензема он бір метрлік айып добынан соқты.

Бұл - футболшының биылғы маусымның плей-офф кезеңіндегі оныншы голы. Осылайша, Бензема Криштиану Роналдудың 2017 жылғы рекордын қайталап отыр.

Айта кетейік, 1/8 финалда Карим Бензема 10 минут ішінде ПСЖ қақпасына үш гол соғып, өз клубын келесі кезеңге шығарған еді.

1/4 финалда "Челсиге" қарсы бірінші матчта да француз шабуылшысы хет-трик жасаған болатын. Ал қарымта ойында лондондық клубтың қақпасына Винисиустың пасынан кейін шешуші голды соққан еді.

Ал "Манчестер Ситиге" қарсы алғашқы жартылай финалда Бензема екі гол соқты. Ол кездесу 4:3 есебімен "Манчестер Ситидің" жеңісімен аяқталды.

Түндегі матч мадридтік "Реалдың" пайдасына шешілді. Eкі матчтың қортындысы бойынша мадридтік "Реал" (6:5) финалға шығып отыр.

Корольдік клуб Чемпиондар лигасының ақтық кезеңінде "Ливерпульмен" ойнайды. Юрген Клопптың шәкірттері жартылай финалда "Вильярреалды" жарыс жолынан шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1968082-benzema-cempiondar-ligasynda-ronaldudyn-rekordyn-qaitalady/

pixel