Top Rank Әлімханұлының алдағы чемпиондық жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Top Rank промоутерлік компаниясы жанкүйерлеріне 21 мамырда Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің жақындап қалған күнін еске салды, оның хедлайнері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британиялық боксшы Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жек болады. Орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы атағы сарапқа салынады, деп жазады Prosports.kz.

Промоушен өз әлеуметтік желілерінде Жәнібек пен негізгі жекпе-жекке қатысушы америкалық Джамел Херрингтің (23-3, 11 КО) жаттығуынан видео жариялады.

"Бұл екеуі дайын тұр. "Қазақ стилі" және Джамель Херринг. Жәнібек - Дигнум, 21 мамыр ESPN арнасында", - делінген хабарламада.

Еске салайық, шоуда бұрынғы әлем чемпионы Херринг жеңіл салмақта жеңілмеген отандасы Джамайн Ортиспен (15-0-1, 8 КО) жұдырықтасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1968173-top-rank-zanibek-alimxanulynyn-aldagy-cempiondyq-zekpe-zegi-zaily-malimdeme-zasady/