Мария Агапованың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Мария Агапова
Мария Агапова. Фото: Josh Hedges/Zuffa LLC

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы Мария Агапованың келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның мәліметінше, Павлодар тумасы келесі жекпе-жегін 30 шілдеде Оңтүстік Корея спортшысы Ен Джин Кимге (9-5-2) қарсы өткізеді.

32 жастағы Ен Джин Ким UFC-де 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және ұйымда сегіз жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жеткен.

Ал Мария Агапова UFC-де төрт рет октагонға көтерілген. Оның екеуінде жеңіске жетсе, екі жекпе-жегінде отандасымыз қарсыластарына есе жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, Мария Агапованың соңғы жекпе-жегі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті. UFC 272 турнирінде отандасымыз украиналық Марина Мороздан жеңілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1968389-mariya-agapovanyn-ufc-degi-kelesi-zekpe-zegi-qasan-otetini-belgili-boldy/

jitsu gif