Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Елеусінов IBF рейтингісінен шығып қалды

Опубликовано:

Данияр Елеусінов
Фото: Prosports.kz

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) боксшылардың жаңартылған рейтингісін ұсынды, деп жазады Sports.kz.

Рейтингте екінші орта салмақ бойынша мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес көш бастады.

Тізімдегі алғашқы екі баған бос тұр. Ал үшінші орынға ресейлік Евгений Шведенко жайғасты.

Төртінші және бесінші орындарды қазақстандық боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Али Ахмедов өзара бөліскен.

Орта дивизион бойынша көш басында отандасымыз Геннадий Головкин, бірінші орында бразилиялық боксшы Эскива Фалькао, екінші орында Австралия боксшысы Майкл Зерафа, үшінші орында неміс боксшы Патрик Войчицки тұр.

Бұл рейтингіде тағы бір отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов 14-орында.

Ал жартылай орта салмақ бойынша 15-орында тұрған тағы бір отандасымыз Данияр Елеусінов рейтинг тізімінен, тіпті шығып қалған.

Ал екінші жеңіл салмақ бойынша Сұлтан Зәуірбек рейтингідегі 11-орнын сақтап қалған.

Бұл санатта жапониялық Кеничи Огава көш бастаса, үздік үштікті Шавкат Рахимов (Тәжікстан), Зельфа Барретт және Джозеф Кордина (екеуі де Ұлыбритания) қорытындылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1968401-daniyar-eleusinov-ibf-reitinginen-sygyp-qaldy/

pixel