Қазақстандық белгілі спортшы PFl-дағы дебюттік жекпе-жегінде нокаутпен ұтылды (фото)

Опубликовано:

спортшы
Фото: twitter.com/PFLMMA

Арлингтонда (Техас, АҚШ) қазақстандық Зәмзәгүл Файзолланованың PFl ұйымындағы бразилиялық Лариса Пачекоға қарсы дебюттік жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін барған жоқ.

Кездесу басталғаннан-ақ отандасымыз қарсыласының жойқын соққылар сериясын жіберіп алды. Салдарынан Зәмзәгүл бірінші раудта нокаутпен жеңілді.

Бұл - қазақстандық спортшының мансабындағы екінші, ал PFl ұйымындағы алғашқы жеңілісі. Ал Лариса Пачеко ММА-да 16-рет қарсыластарынан басым түсті. Ол төрт айқаста жеңілістің ащы дәмін татқан.

Айта кетейік, Зәмзәгүл Файзолланова PFl ұйымында өнер көрсеткен тұңғыш қазақстандық ару атанды.

Ол Лариса Пачеко секілді 1 миллион доллар тігілген бас жүлдеге таласуда.

Алайда бразилиялықтан жеңілгеннен кейін отандасымыздың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі нашарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1968503-qazaqstandyq-belgili-sportsy-pfl-dagy-debyuttik-zekpe-zeginde-nokautpen-utyldy-foto/