Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан атынан сынға түскен қазақ боксшысы кубалық қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Опубликовано:

Этникалық қазақ боксшысы жеңіске жетті
Елнұр Әбдурайымов. Фото: uzreport.news

Өзбекстан атынан сынға түсетін қазақ боксшысы Елнұр Әбдурайымов кәсіби бокстағы тоғызыншы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақ боксшысы "Канело"-Бивол кездесінің андеркардында жұдырықтасты. Лас-Вегаста (АҚШ) өткен бокс кешінде Әбдурайымов бұған дейін жеңіліа көрмеген кубалық Мануэль Корреамен кездескен болатын.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланды. Бірақ Елнұр кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Ол екінші раундта техникалық жеңіске қол жеткізген.

Әбдурайымов қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, кейін Корреа нокаут алды.

Айта кетелік, Елнұр Әбдурайымов Өзбекстанда дүниеге келген этникалық қазақ. Ол әуесқой бокста әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанып, кейін Азия чемпионатында топ жарған.

Бұл Елнұрдың кәсіби бокстағы тоғызыншы жеңісі екенін естеріңізге саламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1968523-ozbekstan-atynan-synga-tusken-qazaq-bokssysy-kubalyq-qarsylasyn-nokautqa-ziberdi/

pixel