Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі ештеңе біткен жоқ": Ресейлік боксшыдан жеңіліп қалған "Канело" мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Боксер Сауль Альварес
Сауль Альварес. Фото: VALERIE MACON/AFP via Getty Images

Мексикалық боксшы Сауль Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілген соң мәлімдеме жасап, оны қайта жұдырықтасуға шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.

Сауль Альварес "Канело" мен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті. Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Дмитрий Бивол мексикалық қарсыласынан басым түсті.

Кездесуден кейін мексикалық боксшы үндеу жасап, Дмитрий Биволдан есесін қайтарғысы келетінін хабарлады.

"Реванш алғым келеді. Бұл жекпе-жекпен әлі ештеңе біткен жоқ", - деді "Канело".

Өз кезегінде ресейлік боксшы қайта жұдырықтасудан қашпайтынын ашық білдірді.

Қос былғары қолғап шеберінің арасындағы қарымта кездесу күзде өтуі мүмкін. Осылайша, Генадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы триологияның уақыты одан әріге созылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1968525-ali-estene-bitken-zoq-reseilik-bokssydan-zenilip-qalgan-kanelo-malimdeme-zasady/

pixel