Головкин "Канелоның" күтпеген жеңілісіне реакция білдірді

Опубликовано:

Генадий
Фото: Instagram/gggboxing

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Дмитрий Биволды жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сауль Альварес "Канело" мен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті. Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Дмитрий Бивол мексикалық қарсыласынан басым түсті.

Кездесуден кейін Генадий Головкин Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында ресейлік былғары қолғап шеберін жеңісімен құттықтады.

"Жеңісіңмен құттықтаймын! Барлығы көрнекті болды. Жарайсың!", - деді GGG.

Айта кетейік, "Канело" Дмитрий Биволдан есесін қайтарғысы келетінін хабарлады.

"Реванш алғым келеді. Бұл жекпе-жекпен әлі ештеңе біткен жоқ", - деді "Канело".

Өз кезегінде ресейлік боксшы қайта жұдырықтасудан қашпайтынын ашық білдірді. Қос былғары қолғап шеберінің арасындағы қарымта кездесу күзде өтуі мүмкін. Осылайша, Генадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы триологияның уақыты одан әріге созылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1968534-golovkin-kanelonyn-kutpegen-zenilisine-reakciya-bildirdi/