Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эрлинг Холанд ресми түрде "Манчестер Сити" ойыншысы атанды

Опубликовано:

Футболшы
Эрлинг Холанд. Фото: Joosep Martinson/Getty Images

Норвегия құрамасы мен дортмундтық "Боруссияның" шабуылшысы Эрлинг Холанд "Манчестер Ситиге" ауысты. Бұл ақпаратты англиялық клубтың ресми сайты растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жас шабуылшы "Манчестер Сити" сапына 2022 жылдың 1 шілдесінде қосылады.

Норвегиялық футболшы мен англиялық клуб арасындағы келісімшарттың 5 жылға жасалғаны белгілі болды. Оған сәйкес, Эрлинг Холанд апта сайын 375  000 фунт жалақы алады.

Сұрмерген 2020 жылдың қаңтарында дортмундтың "Боруссиясына" ауысқан еді. Екі жарым маусымда ол германиялық клуб сапында 88 матчқа қатысып 85 гол соқты. Сонымен қатар 23 нәтижелі пастың авторы атанған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін шетел басылымдарында Эрлинг Холандтың "Манчестер Ситидің" медициналық тексерісінен сәтті өткені хабарланған еді.

Сонымен қатар, оның мадридтік "Реал" сапына ауысуы мүмкін екені айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1968702-erling-xolland-resmi-turde-mancester-siti-oiynsysy-atandy/

pixel