Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гена қабылдаудан бас тартты": Биволдың әкесі Головкин туралы қызық оқиғаны айтып берді

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing

WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы ресейлік Дмитрий Биволдың әкесі Юрий Бивол Match TV арнасына берген сұхбатында ұлы мен Геннадий Головкин арасындағы оқиғаны еске алды, деп жазады Sports.kz.

Айта кетейік, 8 мамырда Сауль Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек өтті.

Он екі раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Дмитрий Бивол мексикалық қарсыласынан басым түсті.

"Сауль Альварес туралы Мейвезермен және Головкинмен өткен жекпе-жектерде білдім. Оның кәсіпқой боксқа ерте, 15 жасында араласып, көп рет жұдырықтасқаны мені таңғалдырғаны рас.

"Канелоның" алғашқы айқасын кіммен өткізгеніп көріп, барлығын түсінгендей болдым.

Шынымды айтсам, Головкиннің Альвареспен дәл осылай жұдырықтасуға бел байлағанына таңым бар. Мені оны Тоқмақтағы жарыстан бері білемін. Тіпті Дмитрий (Бивол - ред.) екеуінің шаршы алаңда бірге түскен фотосы да бар.

Ол ересек жастар арасында өнер көрсетті, ал Дима өзінің алғашқы жекпе-жегін 1998 жылы өткізді.

Бір қызық жағдай болғаны есімде: Геннадий жақсы жұдырықтасқан жоқ, нәтижесінде жеңісті біздің жігітке берді. Ол ренжіп қалды. Бұны байқаған бапкеріміз Головкин ренжімес үшін тағы бір медаль алып, оған берді. Бірақ Гена жүлдені қабылдаудан бас тартты", - деді Юрий Бивол.

Айта кетейік, WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол 1990 жылы Қырғызстанның Тоқмоқ қаласында өмірге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1968729-gena-qabyldaudan-bas-tartty-bivoldyn-akesi-golovkin-turaly-qyzyq-oqigany-aityp-berdi/

pixel