Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа ресми серіктесін таныстырды

Опубликовано:

Parimatch Kazakhstan
Фото: Parimatch Kazakhstan

Ертең Финляндияда шайбалы хоккей бойынша Әлем чемпионаты басталады. Шара қарсаңында Қазақстан құрамасы жаңа ресми серіктесі ретінде халықаралық Parimatch онлайн букмекерлік кеңсесін жариялады.

85-ші Әлем чемпионаты (ӘЧ) Финляндияда 13-29 мамыр аралығында өтеді. Чемпионатқа екі топқа бөлінген 16 құрама команда қатысады. 24 мамырда ӘЧ-ның топтық кезеңі, 26 мамырда ширек финал, 28 мамырда жартылай финал, 29 мамырда финалдық және қола үшін матч ойнатылады.

14 мамырда Қазақстан чемпионаттағы алғашқы ойынын Данияға қарсы өткізеді. Ұлттық құраманың топтық кезеңдегі басқа қарсыластары Канада, Словакия, Италия, Франция, Германия және Швейцария мемлекеттері болмақ. 2021 жылы Қазақстан топта бесінші, ал жарыстың қорытындысы бойынша 10-шы орын алды (ұлттық құрама тарихындағы ең жақсы нәтиже). Қазақстан Хоккей федерациясының бас директоры Глеб Қаратаевтың айтуынша, биыл ұлттық құрама нәтижені жақсартуға тырысады.

«Былтыр 2021 жылы Латвияда өткен әлем чемпионатында біздің Қазақстан құрамасы тәуелсіздік алғаннан бері жоғарғы дивизиондағы үздік нәтиже көрсетті. Жігіттер кез келген командамен ойнай алатынын сезінді, құнды тәжірибе жинақтады. Сондықтан алдағы әлем чемпионатында нәтижені жақсартуға бар күшімізді саламыз. Бұл бағытта бізді көптен бері жұмыс істеп келе жатқан серіктесіміз – Parimatch компаниясы қолдайтынына өте қуаныштымыз», - деді Қазақстан Хоккей федерациясының бас директоры Глеб Қаратаев.

Қазақстан хоккей құрамасымен жұмыс істеу Қазақстан хоккей федерациясының толықтырылған келісімшартында көрсетілген, сонымен қатар аталған шарт U20 (20 жасқа дейінгі) және U18 (18 жасқа дейінгі) құрамаларымен әріптестік байланыстарды қамтиды. 2020 жылы Parimatch компаниясы Pro Hokei Ligasy чемпионатының бас демеушісі болды және хоккей жанкүйерлері чемпионаттың барлық матчтарының трансляцияларын көре алатын Insport спорт арнасын дамытуда федерацияға қолдау көрсетті.

Осылайша, федерация мен халықаралық Parimatch онлайн букмекерлік кеңсесі арасындағы серіктестіктің мақсаты хоккейдің дамуына ықпал ету және қазақстандық таланттардың өнеріне көрермендердің қызығушылығын арттыру болып табылады.

Parimatch екі жыл бойы хоккейден 2021-2022 жылдардағы Қазақстан чемпионатында бірінші орынды және 2021-2022 жылдардағы IIHF Континенттік кубок турнирінде екінші орынды жеңіп алған қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының серіктесі болып табылады. Бұл клубтың бірнеше ойыншысы ұлттық құрамаға алынды.

«Қазақстан Хоккей федерациясымен ынтымақтастықты кеңейту еліміздегі спортты дамыту және насихаттау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл біз үшін әрқашан маңызды мәселе. Біз хоккейден алдағы әлем чемпионатында ұлттық құрамамен ресми серіктестік орнатқанымызды мақтан тұтамыз. Халықтың осындай ауқымдағы спорттық іс-шараларға қызығушылық танытып, ұлттық құрамаға қолдау көрсете алуы өте маңызды. Қазақстан құрамасы әлемдік аренада табысқа жетеді деп сенеміз. Жерлестерімізді қолдайық!», - Роман Бойко, Қазақстандағы Parimatch компаниясының бас директоры.

Parimatch барлық ұлттық құраманың жанкүйерлерін 14 мамырда Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағына шақырады, мұнда Данияға қарсы өтетін матчтың тікелей көрсетілімі жүреді. Мұз үстіндегі әсерлі тартыстан бөлек көрермендер Chef’s Point фестивалінің тамаша тағамдарынан дәм тататын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1968937-xokkeiden-qazaqstan-ulttyq-quramasy-zana-resmi-seriktesin-tanystyrdy/