Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарында қазақ балуаны алтын медаль иеленді (фото)

Опубликовано:

Хайратхаан Шонку
Хайратхаан Шонку. Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бразилияда өтіп жатқан 24-ші жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен жарыстар аяқталды. Бұл сында 130 келіде ел намысын қорғаған Хайратхаан Шонку қарсылас шақ келтірмей жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мәдениет және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз финалдық кездесуде түрік спортшысы Мехмет Юсалды айқын басымдылықпен жеңіп, алтын медаль иегері атанды.

Хайратхаан Шонку бапкерімен
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Өз кезегінде 97 келіде Асылжан Тажиев Иран спортшысына есе жіберіп, жарысты күміс жүлдемен қорытындылады.

Ал Нұржан Асан (77 келі) мен Алдияр Балташев (60 келі) үшінші орын үшін болған бәсекеде қарсыластарынан басым түсіп, қос спортшымыз ел қоржынын тағы екі қоламен толықтырды.

Сурдо грек-рим күресінен ұлттық құрама спортшылары
Сурдо грек-рим күресінен жүлделі болған қазақстандық балуандар. Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Сурдо грек-рим күресінен ұлттық құраманың аға бапкері Ерлан Мұқажан спортшылардың нәтижесіне көңілі толатынын жеткізді.

"Балалар жарады. Қаншама оқу-жаттығу жиындары мен жаттығулардың арқасында осындай нәтиже көрсеттік. Бір алтын, бір күміс, екі қола бұл біз үшін үлкен жетістік. Алдағы уақытта дайындығымызды шыңдай түсіп, келесі Сурдлимпиада ойындарында бұдан да жоғары нәтиже көрсететінімізге сенімдімін", - дейді аға бапкер.

Сурдо грек-рим күресінен ұлттық құраманың аға бапкері балуандармен
Сурдо грек-рим күресінен ұлттық құраманың аға бапкері балуандармен. Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Есту мүшесіне зақым келген спортшылар арасындағы төрт жылдықтың дүбірлі додасы мамырдың 16-сына дейін жалғасады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 4 күміс, 17 қола жүлде бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1968957-braziliyada-otip-zatqan-surdlimpiada-oiyndarynda-qazaq-baluany-altyn-medal-ielendi-foto/

pixel