Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Альваресті жеңген Бивол Головкинге көзқарасы қандай екенін ашық айтты

Опубликовано:

Дмитрий Бивол
Дмитрий Бивол. Фото: Matt Thomas/Getty Images

Жартылай ауыр салмақтағы WBA Super әлем чемпионы, ресейлік Дмитрий Бивол Геннадий Головкиннің Сауль "Канело" Альваресті жеңісімен құттықтауына жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz.

8 мамыр күні Дмитрий "Канелоны" төрешілердің бірыңғай шешімі бойынша жеңген еді. Артынша GGG өз Twitter парақшасында Биволға құттықтау жолдаған болатын.

"Жеңісіңмен құттықтаймын, Дмитрий! Бәрі мықты, керемет!", - деді қазақстандық.

Бұған жауап берген ресейлік боксшы Геннадийдің жекпе-жектерін бұрыннан көретінін айтып, алғыс білдірді.

"Ең алдымен, Геннадийге рахмет. Маған ол боксшы ретінде де, тұлға ретінде де ұнайды. Себебі ол қанша жетістікке жетсе де қарапайым. Ол маған және басқа да шығысеуропалық боксшыларға сенімділік сыйлады. Өз-өзіңе сенуге көмектесті.

Мен оның жекпе-жектерін кәсіпқой боксқа ауысқалы көремін. Маған оның стилі ұнайды",- деді Бивол америкалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1969011-alvaresti-zengen-bivol-golovkinge-kozqarasy-qandai-ekenin-asyq-aitty/

pixel