Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ешқашан жеңілмеген неміс боксшысы жекпе-жек кезінде көз жұмды

Опубликовано:

Қолғап
Көрнекі фото: piqsels.com

Ешқашан жеңілмеген неміс боксшысы Муса Ямак 38 жасында рингте көз жұмды, деп хабарлайды championat.com.

Басылымның жазуынша, спортшы угандалық боксшы Хамза Вандерамен кездесудің үшінші раунды басталар сәтте рингте есінен танып қалған. Ол тез арада ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.

Өлімнің басты себебі - жүрек талмасы.

Мюнхен полициясы өкілдерінің сөзінше, олар жедел жәрдем бригадасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кездесу өтіп жатқан орынға бірнеше патруль жіберуге мәжбүр болған.

Ямак кәсіби рингте 2017 жылдан бастап өнер көрсетеді. Ол осы уақыт ішінде 8 кездесу өткізіп, сегіз рет жеңіске жеткен еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін 19 жастағы иорданиялық боксшы Рашед Аль-Свайсат Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатындағы жекпе-жегінен кейін ауруханаға түсіп қалған еді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, спортшыны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1969652-esqasan-zenilmegen-nemis-bokssysy-zekpe-zek-kezinde-koz-zumdy/

pixel