Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш жасауда": Билік өкілі легионерлер мәселесіне тоқталды

Опубликовано:

Ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығына өтініш беруде
Көрнекі сурет: olympic.kz

Халықаралық спорт ұйымдары Ресей мен Беларусь спортшыларын ресми жарыстардан шеттетіп жатыр. Осыдан соң көрші ел спортшылары Қазақстан азаматтығын алу үшін өтінім білдіруде. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты дене шынықтыру және спорт ісі бойынша Комитет жетекшісі Самат Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Халықаралық Олимпиада комитеті бастаған бірнеше беделді спорттық ұйымдар Ресей және Беларусь спортшыларын жарысқа қатысу құқығынан айырып жатыр.

Көптеген спортшы, әсіресе, олимпиадалық спорт түрлерінде бақ сынайтын атлеттер әлемдік жарыстардан сырт қалмау үшін Қазақстан азаматтығын алуға ниетті.

"Ресей мен Беларусьтен өтініш келіп түсіп жатыр. Алайда оларды ұлттық құрамаға қабылдай алмаймыз. Біздің өз мақсаттарымыз бар.

Бокс пен күрес түрлерінен легионерлер керек жоқ. Ал елімізде кенжелеп қалған спорт түрлеріне легионерлерді арнайы жоспармен шақырамыз. Яғни олар спорттың кейбір түрлерін біздің елімізде дамыту үшін қажет.

Біздің құрамаға ауысқысы келетін спортшылар арасында жоғары деңгейлі, Олимпиада мен әлем чемпионаттарының жүлдесін алған атлет жоқ.

Осы орайда, Кениядан келген легионерлер туралы бір ауыз айта кетейін. Иә, командамызда алыс қашықтықтарға жүгіретін кениялықтар бар. Олар биылдан бастап ресми түрде Қазақстан атынан жарыстарға қатыса алады. Олар бізге не үшін керек? Жастар желаяқтарға қарап бой түзейді. Еліміздегі жеңіл атлетиканың алға басуына үлес қосады. Сол үшін қажет", - деді Ерғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1969696-reseilik-sportsylar-qazaqstan-azamattygyn-alu-usin-otinis-zasauda-bilik-okili-legionerler-maselesine-toqtaldy/

pixel