Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан ел құрамасының Ұлттар лигасындағы ойын кестесі жарияланды

Опубликовано:

Команда
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Маусым айында футболдан УЕФА ұлттар лигасының 2022/23 жылғы жаңа маусымы басталады. Қазақстан ұлттық құрамасы С лигасының үшінші тобында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы ресми сайтында.

Магомед Адиев бапкерлік ететін ұлттық құрама маусым айында төрт матч өткізеді. Оның екеуі өз алаңымызда, екеуі сырт алаңда.

Ал қалған екі кездесу қыркүйек айына жоспарланып отыр.

Қазақстан құрамасының қарсыластары - Словакия, Әзербайжан және Беларусь құрамалары.

Назарларынызға Қазақстан ұлттық құрамасының УЕФА Ұлттар лигасындағы ойындар кестесін ұсынамыз:

"С" лигасы, 3-топ

1 тур

03.06.2022

Қазақстан – Әзербайжан- 20:00

"Астана Арена", Нұр-Сұлтан.

2 тур

07.06.2022

Словакия – Қазақстан - 00:45

"Антон Малатинский" стадионы, Трнава, Словакия.

3 тур

11.06.2022

Беларусь – Қазақстан - 00:45

"Караджордже" стадионы, Нови-Сад, Сербия.

4 тур

13.06.2022

Қазақстан – Словакия - 20:00

"Астана Арена", Нұр-Сұлтан.

5 тур

22.09.2022

Қазақстан – Беларусь - 20:00

Өтетін орны әзірге белгісіз.

6 тур

25.09.2022

Әзербайжан – Қазақстан - 22:00

Өтетін орны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының барлық матчтарын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1969733-futboldan-el-quramasynyn-ulttar-ligasyndagy-oiyn-kestesi-zariyalandy/

pixel