Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Алматыдағы турнирде өнер көрсетпек

Опубликовано:

Сора Рахмонова
Фото: Prosports.kz

Naiza промоушенінің кезекті турнирінде қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз Naiza 40 турнирінде түркиялық файтер Курт Илькнурмен кездеседі. Жекпе-жек 11 маусымда Алматыда өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов биыл 5 ақпанда UFC-де Карлстон Харриске қарсы жекпе-жек өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Енді ол UFC аясындағы келесі жекпе-жегін 25 маусымда Лас-Вегаста америкалық файтер Нил Мэгниге қарсы өткізеді.

Одан бөлек осыдан бір ай бұрын Шавкат Рахмоновтың ұлы дүниеге келген болатын.

Спортшының өзі Instagram желісіндегі Stories бөлімінде сүйінші сұрап, жаңа туған ұлымен бірге түскен суретін жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1970128-savkat-raxmonovtyn-qaryndasy-almatydagy-turnirde-oner-korsetpek/

pixel