Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жек алдында қарсыласымен кездесті

Опубликовано:

Жәнібек
Фото: Facebook/Берік Сұлтан

Отандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық қарсыласы Дэнни Дигнуммен жекпе-жек алдында кездесіп, көз түйістірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы қазақстандық былғары қолғап шеберінің менеджері Берік Сұлтан Facebook парақшасында хабарлады.

"Бүгін баспасөз мәслихаты мен қарсыласпен бетпе-бет кездесу рәсімі өтті. Бұйыртса, ертең салмақ өлшеу", - деп жазды Берік Сұлтан.

Еске сала кетейік, боксшылар WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын сарапқа салмақ.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін былғары қолғап шеберлерінің кездесуі "Хабар" телеарнасының тікелей эфирнінен 22 мамыр күні сағат 08:00-де көрсетіледі.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет былтыр қараша айында француз боксшысы Хассан Н’Дам Н’Жикаммен кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жәнібек бүгінге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, әлі жеңіліп көрмеген.

Ал Дэнни Дигнумге келсек, ол кәсіпқой бокстағы мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңісіке жеткен, бір кездесуі тең нәтижемен аяқталған. Соңғы рет шаршы алаңға биыл ақпан айында шығып, отандасы Грант Деннисті техникалық нокаутпен жеңген.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының Лас-Вегасқа ұшып барғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1970297-zanibek-alimxanuly-tituldyq-zekpe-zek-aldynda-qarsylasymen-kezdesti/

pixel