Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондық титулды жеңіп алды (видео)

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

Отандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін британиялық қарсыласымен жұдырықтасты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті.

Кездесу он екі раундқа жоспарланған. Алайда отандасымыз британиялық қарсыласын екі раундта нокаутқа түсірді. Сонымен қатар бірінші раундта Дэнни Дигнум нокдаун алды.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста он екінші жеңісіне қол жеткізіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атанды. Ал Дэнни Дигнум мансабында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1970431-zanibek-alimxanuly-qarsylasyn-ekinsi-raundta-nokautqa-tusirip-cempiondyq-tituldy-zenip-aldy-video/

pixel