"Алда талай белес бар": Қарсыласын нокаутқа жіберген Әлімханұлы кездесуден кейін мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Фото: Жәнібек Әлімханұлының әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Бүгін, 22 мамырда кәсіпқой бокста он екінші жеңісіне қол жеткізген Жәнібек Әлімханұлы кездесуден кейін әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

"Қазақ елі, жеңістеріңіз құтты болсын! Аллаға шүкір, бұл күнге де жеттік. Чемпион атандық. Қолдап, жанкүйерлік еткен баршаңызға көп рақмет! Біз енді бастадық. Алдымызда талай белес бар. Бұйыртса оны да бағындырамыз! Qazaq style-ды тарихта қалдырамыз!

Шыңдалуға көмек берген бапкеріме, менеджеріме, промоутеріме, спарринг қарсыластарыма көп рақмет.

Сонымен қатар осы жекпе-жекке дайындығымызға қолдауын көрсеткен Жұмабек Жанықұлов, Сырымбек Тау мен Руслан Берденовке алғысымызды білдіреміз!

Жеңісті күндер мен ұлт абыройы артатын сәттер көп болғай", - деді Жәнібек Әлімханұлы Instagram-да.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондық титулды жеңіп алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1970437-alda-talai-beles-bar-qarsylasyn-nokautqa-zibergen-alimxanuly-kezdesuden-keiin-malimdeme-zasady/