Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы: Мен Головкинмен жұдырықтаспаймын

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Жеңіліс көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF, WBA Super титулының иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтаспайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондық титулды жеңіп алғанын жазған едік.

Кездесуден соң журналистердің сұрағына жауап берген боксшы отандасы Генадий Головкинмен айқаспайтынын ашып айтты.

"Дәстүріміз бойынша, іні үлкенді жекпе-жекке шақыра алмайды. Головкин супер орта салмаққа өтеді деп ойлаймын. Онымен жұдырықтаспаймын", - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін WBO тұжырымы бойынша толыққанды чемпион Деметриус Андрадеге қарсы өткізу керек. Егер америкалық былғары қолғап шебері кездесуден бас тартса, оның титулы Жәнібекке өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1970456-zanibek-alimxanuly-men-golovkinmen-zudyryqtaspaimyn/

pixel