Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бокстың жаңа супержұлдызы пайда болды

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Видеодан кадр: Хабар арнасы

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының соңғы жекпе-жегіне жоғарғы бағасын берді, деп хабарлайды Sports.kz.

"Жәнібек - орта салмақтағы келесі супер жұлдыз. Оның артында дивизионның болашағы тұрғанына еш күмән жоқ. Талантты жас боксшының бүгінгі өнері қандай", - деді Арум.

Еске сала кетейік, бүгін, 22 мамырда отандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін британиялық Дэнни Дигнуммен жұдырықтасты.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз қарсыласын екінші раундта сұлатып түсірді.

Кездесуден соң БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Жәнібек IBF, WBA Super титулының иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтаспайтынын ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1970459-qazaqstanda-bokstyn-zana-superzuldyzy-paida-boldy/

pixel