Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жегі өтетінін ресми түрде мәлімдеді (видео)

Опубликовано:

Геннадий Головкин және Сауль Альварес
Геннадий Головкин және Сауль Альварес. Фото: Getty Images/ Ethan Miller / Staff

Әйгілі мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші рет жекпе-жек өткізетінін ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы ол журналистермен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Боксшының сөзінше, трилогия биылғы жылдың қыркүйек айында өтеді деп жоспарланып отыр.

"Иә жақын арада біз қыркүйек айында болатын жекпе-жек туралы хабарлаймыз. Әрине, ол Головкинге қарсы болады. Себебі, бізде бұған қатысты келісім бар. Сондай-ақ мен Биволмен де тағы жекпе-жек өткізетін боламын. Бірақ бұл кейінірек", - деп баспасөз мәслихатында айтқан "Канелоның" сөздерін ESPN Nockout басылымы жариялады.

Айта кетейік, Сауль Альварес кәсіби мансабында әйгілі отандасымыз Геннадий Головкинмен екі рет қолғап түйістірген.

Олардың арасындағы алғашқы кездесу 2017 жылдың қыркүйегінде өткен еді. Ол кезде жекпе-жек тең аяқталса, тура бір жылдан кейін екінші рет өткен кездесуде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Биылғы жылдың 7 мамырында "Канело" ресейлік боксшы Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жек өткізіп, мансабында екінші рет жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1970680-kanelo-golovkinmen-usinsi-zekpe-zegi-otetinin-resmi-turde-malimdedi-video/

pixel