Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: Головкин - "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін күн белгілі болды

Опубликовано:

Головкин мен Альварес
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. Фото: Ethan Miller/Getty Images

Орта салмақтағы IBF және IBO және WBA Super титулдарының иегері, отандасымыз Геннадий Головкин мен екінші орта салмақтағы әлемнің абсолюттік чемпионы Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін күн ресми түрде жарияланды. Бұл туралы DAZN стримингтік сервисі Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сервистің мәліметінше, Головкин - "Канело" трилогиясы 17 қыркүйекте өтеді.

Геннадий Головкин де жекпе-жектің 17 қыркүйекте өтетінін Instagram парақшасында хабарлады.

"Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше", - деп жазады қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, бұған дейін Сауль Альварес баспасөз мәслихаты кезінде Головкинмен үшінші жекпе-жегі биыл қыркүйек айында өтетінін ресми түрде мәлімдеген еді.

Forbes-тің мәліметінше, GGG - "Канело" триологиясы боксшылардың бұған дейін екі кездесуі болған Лас-Вегас қаласында өтуі мүмкін.

Жалпы, Сауль Альварес кәсіби мансабында Геннадий Головкинмен екі рет қолғап түйістірген.

Олардың арасындағы алғашқы кездесу 2017 жылдың қыркүйегінде өткен болатын. Ол кезде жекпе-жек тең аяқталса, тура бір жылдан кейін екінші рет өткен кездесуде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Биылғы жылдың 7 мамырында "Канело" ресейлік боксшы Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жек өткізіп, мансабында екінші рет жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1970861-golovkin-men-kanelo-arasyndagy-usinsi-zekpe-zektin-otetin-kuni-resmi-turde-zariyalandy/

pixel