Бивол Головкин-"Канело" жекпе-жегінің фаворитін атады

Опубликовано:

Головкин мен "Канело"
Головкин мен "Канело". Фото: Al Bello/Getty Images

WBA нұсқасы бойынша ресейлік "суперчемпион" Дмитрий Бивол отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жектің фаворитін атады, деп хабарлайды Sports.kz.

"Бұл жекпе-жекте "Канело" фаворит секілді, өйткені ол Головкинді екі рет жеңді. Аталған кездесулердің қалай өткені маңызды емес, бірақ ол жеңді.

Яғни, бір айқаста тең есеп тіркелсе, екіншісінде басым түсті.

Шын мәнінде, көптеген нюанстар бар. Бұл Геннадийге плюс болуы да мүмкін. Қазір ол салмақ қумайды. Сондықтан аса мұқият болатын секілді.

Геннадийдың соққы жіберіп қоятыны бар.

Яғни, 72 келіде соққыларды сезбеуі мүмкін. Ол 76 келіде аз соққы жіберу керек деп ойланып жүрген шығар.

Мен жекпе-жектің қалай өрбитінін білмеймін, бірақ қызық болатыны сөзсіз.

"Канеломен" өткен кездесуімнен кейін көбісі Генадиймен Альварестің айқасы қызықты болады деп санайды", - деді Дмитрий Бивол.

Айта кетейік, бұған дейін Сауль Альварес баспасөз мәслихаты кезінде Головкинмен үшінші жекпе-жегі биыл қыркүйек айында өтетінін ресми түрде мәлімдеген еді.

Forbes-тің мәліметінше, GGG - "Канело" триологиясы боксшылардың бұған дейін екі кездесуі болған Лас-Вегас қаласында өтуі мүмкін.

Жалпы, Сауль Альварес кәсіби мансабында Геннадий Головкинмен екі рет қолғап түйістірген.

Олардың арасындағы алғашқы кездесу 2017 жылдың қыркүйегінде өткен болатын. Ол кезде жекпе-жек тең аяқталса, тура бір жылдан кейін екінші рет өткен кездесуде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Биылғы жылдың 7 мамырында "Канело" ресейлік боксшы Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жек өткізіп, мансабында екінші рет жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1971423-bivol-golovkin-kanelo-zekpe-zeginin-favoritin-atady/

jitsu gif