Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал" Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды (фото, видео)

Опубликовано:

"Реал" командасы
"Реал" командасы. Фото: twitter.com/UEFAcom_ru

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының ақтық сынында ағылшынның "Ливерпуль" командасын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Чемпиондар лигасының финалы 28 мамырдан 29 мамырға қараған түні Париж қаласындағы "Стад Де Франс" стадионында өтті.

Ойын 0:1 есебімен "Реалдың" пайдасына шешілді. Шешуші голды кездесудің 59-минутында бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор соқты.

Осылайша, мадридтік "Реал" тарихында 14-ші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып отыр.

Енді команда УЕФА Суперкубогын Еуропа лигасының жеңімпазы атанған немістің "Айнтрахт" командасымен сарапқа салады.

Айта кетейік, "Реал"- "Ливерпуль матчы стадиондағы тәртіпсіздіктірге байланысты белгіленген уақыттан 30 минутқа кеш басталды.

Осыған дейін де екі команда 2018 жылы Чемпиондар лигасының финалында кездесіп, сол кезде де "Реал" жеңіске жеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1971477-real-cempiondar-ligasynyn-zenimpazy-atandy/

pixel