Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған "Реалдың" қанша табыс тапқаны белгілі болды

Опубликовано:

"Реал Мадрид" футболшылары
Фото: ANP via Getty Images

Испаниялық Marca басылымы клубтар Чемпиондар лигасына қатысқаны үшін қанша қаражат алатынын жариялады, деп хабарлайды Спорт-Эскпресс.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2021/22 маусымдағы үш маңызды турнирге қатысқан клубтарға 2,7 миллиард еуро бөлген.

Аталған соманың 2,03 миллиард еуросы Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогына қатысқан клубтарға берілетіні хабарланды.

Еуропа лигасының қатысушылары 465 миллион еуро, ал Конференция лигасының қатысушылары 235 миллион еуро алады.

Ал Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен клубтарға 15,64 млн еуро бөлінген.

Әрбір жеңіс үшін 2,8 млн еуро, ал тең ойын үшін 930 мың еуро төленбек.

1/8 финалға жолдама алғандарға 9,6 млн еуро, 1/4 финал қатысушыларына 10,6 млн еуро, 1/2 финалға шыққандарға 12,5 млн еуро, финалдағы қос ұжымға 15,5 млн еуро беріледі.

Жалпы алғанда, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған "Реал" 123,8 млн еуро көлемінде сыйақыға ие болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1971538-cempiondar-ligasynyn-zenimpazy-atangan-realdyn-qansa-tabys-tapqany-belgili-boldy/

pixel