Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марсело "Реал Мадридтен" кететінін хабарлады

Опубликовано:

Марсело
Марсело. Фото: Harriet Lander/Copa/Getty Images

Мадридтік "Реалдың" капитаны Марсело клубпен келісімшартты ұзартпайтынын және жазда клубтан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Carussel Deportivo.

"Бұл менің "Реал" жейдесіндегі соңғы ойыным болды және дәл осылай аяқтау – үлкен қуаныш", – деді бразилиялық футболшы "Ливерпульмен" өткен матчтан кейін.

34 жастағы ойыншы 18 жасынан бастап "Реалда" өнер көрсеткен. Корольдік клуб сапында ол 25 трофей жеңіп алған. Бұл - клубтың рекорды.

Марсело Испания чемпионатын алты рет, екі мәрте Испания кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар бес дүркін Испания Суперкубогының жеңімпазы.

Бразилиялық қорғаушы еуробукоктерде де үлкен олжаға ие. Ол Чемпиондар лигасын бес рет, УЕФА Суперкубогын үш мәрте ұтты. Одан бөлек Марсело "Реал" сапында клубтар арасындағы әлем чемпионатында төрт мәрте жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Реалдың" Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанғанын жазған едік. Корольдік клуб финалда "Ливерпульден" айласын асырды. Есеп 1:0. Матчтағы жалғыз голды Винисиус Жуниор соқты.

"Реал" тарихында 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Енді команда УЕФА Суперкубогын Еуропа лигасының жеңімпазы атанған немістің "Айнтрахт" командасымен сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1971556-marselo-real-madridten-ketetinin-xabarlady/

pixel