Финляндия хоккейден әлем чемпионы атанды
Опубликовано:

Хоккейден Финляндия құрамасы финалда Канаданы 4:3 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Iltalehti.
Финалдық кездесу Финляндияның Тампере қаласында өтті.
Әлемнің үздік құрамалары арасындағы ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды.
Ал овертаймда Финляндияның жолы болды. Матчтағы жеңіс добын 67-минутта Сакари Маннинен соқты.
Осылайша, Финляндия құрамасы финалда Канаданы 4:3 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Финляндия құрамасы өз тарихында төртінші рет хоккейден әлем чемпионатының алтынын жеңіп алып отыр. Құрама бұған дейін 1995, 2011 және 2019 жылдары байрақты бәсекеде топ жарған еді.
Сонымен қатар Финляндия Бейжің Олимпиадасында Ресейден басым түсіп, чемпион атанған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1971572-finlyandiya-xokkeiden-alem-cempiony-atandy/