Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Футбол
Талғат Байсуфинов. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол ел біріншілігінде өнер көрсететін "Мақтаарал" футбол клубында қызмет етеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мақтаарал" футбол клубының бапкерлік құрамы үш танымал маманмен толыққан. Олар: Талғат Байсуфинов, Игорь Свечников және Николай Родионов.

"Бұл ретте бас бапкер - Андрей Ферапонтов және оның көмекшілері Руслан Эсатов пен Виталий Кувшинов өз орындарында қалды. Бұрынғы Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік құрамы - Мақтааралда! Осы мамандармен құрам күшейіп, тактикалық тұрғыда өзгеріс болатына сенім білдіреміз", - делінген футболы клубы таратқан хабарламада.

Meta-ratings.kz-тің мәліметінше, Талғат Байсуфинов "Мақтаарал" футбол клубында спорт директоры қызметін атқарады.

Айта кетейік, бұған дейін Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған еді.

Биылғы жылдың наурыз айында ол бапкерлік қызметінен кетті. Оның орнына бас бапкердің міндетін Андрей Карпович атқарды.

Кейінірек ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне ресейлік маман Магомед Адиев тағайындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1971806-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-buryngy-bapkeri-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel