Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда туған талантты футболшы Қазақстан құрамасына қарсы ойнайды

Опубликовано:

Равиль Тагир
Равиль Тагир. Фото: sports.kz

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары аясында маусым айында бірнеше матч өткізеді. Қазіргі уақытта спортшыларымыз 4 маусымда Данияға, 10 маусымда Түркияға қарсы кездесуге дайындалып жатыр. Түркия сапында Таразда туған футболшы бар, деп хабарлайды Sports.kz.

Sporx басылымының мәліметінше, Түркияның жастар командасының құрамында бірнеше өзгеріс болған. Жарақат алған Юнус Бахадыр мен Джемали Сертельдің орнына 19 жастағы "Башакшехирдің" орталық қорғаушысы Равиль Тагир шақырылыпты.

Бұл футболшы Тараз қаласының тумасы. Алайда ол бала кезінде ата-анасымен бірге Түркияға көшіп кеткен.

Равиль Тагир 2021/2022 жылғы маусымда Суперлигада 7 матч өткізді. Сонымен қатар Түркияның жастар командасында 9 матчқа қатысып үлгерді.

Transfermarkt қазіргі уақытта футболшыны 1,9 миллион еуроға бағалап отыр.

Айта кетейік, 2020 жылы Равиль Тагирге атақты "Манчестер сити" қызығушылық танытқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1971971-tarazda-tugan-talantty-futbolsy-qazaqstan-quramasyna-qarsy-oinaidy/

pixel