Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитов үлкен спортқа қайта оралатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

"Найман" лақап атымен танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің Instagram парақшасында MMA-ге қайта оралатынын мәлімдеді.

"Қымбатты достар, өзімнің үлкен спортқа оралатынымды ресми түрде жариялағым келеді! Қазір менің жарақаттарым бар, бірақ мен бұрынғыдай көзімде жалын пайда болғанын және қайта жекпе-жекке шығуға дайын екенімді сеземін.

Тағы бес жыл төбелесе аламын деп есептеймін, сол себепті өзім үшін қиын шешім қабылдадым. Бұл оңай болған жоқ. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін тағы да алғыс айтқым келеді, біз қайта ораламыз", - деді қазақстандық спортшы.

Хамитовтың мәлімдемесін көрген желі қолданушылары оған қолдау көрсетіп, сәттілік тілеген.

"Жарайсың, бауырым! Дұрыс", "Тек алға", "Денсаулық тілеймін, Алла қолдасын", "Біз өте қуаныштымыз", "Шоу көрсетші", "Алға "Найман", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1972115-quat-xamitov-ulken-sportqa-qaita-oralatynyn-malimdedi/

pixel