Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не деген тәрбие": Жекпе-жек кезінде жеңісті ағасына берген бала жұрттың алғысына бөленді

Опубликовано:

Кикбоксинг
Видеодан кадр: Instagram/naz_altaizhan

Әлеуметтік желіде туысқан балалар арасындағы жекпе-жектің видеосы тарады. Видео аз ғана уақыттың ішінде 180 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі shyndykz паблигінде жарияланды.

Кадрдан кикбоксингшылар арасындағы финалдық кездесуде інісінің ағасына жол бергенін байқауға болады. Осылайша, ағасы чемпион атанып, інісі күміс медаль алған.

Видеоны көрген желі қолданушылары өзінен үлкенге құрмет көрсеткен баланың әрекетіне тәнті болғанын жарыса жазуда.

"Не деген тәрбие", "Ата-анасына көп рақмет", "Тәрбие тал бесіктен деген рас екен. Видеоны көріп, көзіме еріксіз жас келді", "Нағыз азаматтар екен", "Баланы дәл осылай тәрбиелеу керек", "Кіп-кішкентай жүрегінен айналдым", "Інісі бардың тынысы бар деген осы", "Ағасын сыйлаған бала жаман болмайды", "Қазақтың тектілігін көрсетті, жарайсың, балам", - деп жазды олар.

Видеоға қатысты чемпион болған баланың анасы пікір білдірді. Айтуынша, балалардың әкелері Ғалымбек пен Балтабек бір туған.

"Әлеуметтік желіде тараған видео 1 маусым күні түсірілген. Балалар күніне орай Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында кикбоксингтен турнир өтті. Жарыстың финалына қарсылас шақ келтірмеген ұлым Мәди Ғалымбекұлы мен оның немере інісі Нұрислам Балтабекұлы шықты.

Ақтық сында шаршы алаңда ел күтпеген жағдай болған. Қайнағамның баласы Нұрислам ағасы Мәдимен төбелеспейтінін білдіріп, жол беріпті. Осылайша, ұлым Мәди балалар арасындағы турнирдің чемпионы атанды. Ал інісі Нұрислам екінші орынға ие болды.

Менің қайнағам (Балтабек - ред.) кикбоксингтен аға бапкер. Талай спортшының жетістікке жетуіне мұрындық болған. Мәди мен Нұрисламның кикбоксингпен айналысып жүргеніне бір жылдай болды", - дейді Гүлназым Күнчаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1972407-zekpe-zek-kezinde-zudyryqtaspai-agasyna-zenisti-bere-salgan-bala-zurttyn-algysyna-bolendi-video/

pixel